Сенат бюросы 2016 жылғы 11 ақпанда болатын жоғарғы палатаның кезекті отырысының күн тәртібін келісті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Сенаторлар 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы және 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқару туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы; Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді; 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң (объектiлері мен ұрыс алаңдары Қазақстан аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы; Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Қазақстан аумағына орналасқан Ресейдің 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектілері мен жауынгерлік алаңдарын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы; Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобаларын талқылайтын болады.
Бюрода, сондай-ақ, Үкімет енгізген заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттері арасында бөлініп берілді.