Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Комиссия су тасқыны мен селден зардап шеккен Тәжікстандағы жағдайды назарға ала отырып, Қазақстан Үкіметіне осы елге ресми түрде гуманитарлық көмек көрсетуді ұсынды.Тәжікстанның зардап шеккен аудандарына консервіленген ет және сүт өнімдері, өсімдік майы мен сары май, ұн және макарон өнімдері жеткізіледі.
Сонымен қатар, комиссия 2015 жылдың қараша айында қуатты жер сілкінісі болған Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетуді ұсынды. Бұл елге төсек-орын жабдықтарын, жылыту пештері мен қысқы шатырлар жеткізу жоспарланып отыр.