• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2016

Ғасырдан асқан ғұмырлар

342 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданында, Құдайға шүкір, қазына-қариялар жетерлік. Араларында ұзақ жасап, ғасырдан астам ғұмыр кешкендері де бар. Жапонияда немесе Үндістанда ұзақ жасаған қариялар туралы оқып, біліп жатсақ, «Апыр-ай, ә» деп тамсанып жатамыз. Әйтсе де, өзіміздегі қарттар жөнінде тым сирек жазатынымыз рас. Осы аудандағы Көлкент ауылында тұратын Айымкүл Дүйсебаева әжеміз бүгінде 111 жастан асып, аймақтағы ұзақ жасаушылардың көшін бастап тұр. Жібек жолы ауылында ғұмыр кешіп жатқан Жұмақыз Қыдырбаева әжеміз сәуір айында 103 жасқа толғалы отыр. Ал, ақсукент­тік Тәжігүл Нышантаева әжеміз болса, 102-ге аяқ басты. Қарабұлақ ауылында тұратын Тоты Ниязова әжеміз де 100-ден асты. Бүгінде олардың үрім-бұтақтарының өзі бір қауым елге айналған. Біз тек 100-ден асқан әжелерімізді ғана тілге тиек етіп отырмыз. Әйтпесе, Сайрам топы­рағында туып, 90 жасаған қазына-қа­риялар ондап саналады. Бір қызығы, осы ұзақ жасаған әжелеріміз наурыздың 20-сында өтетін Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысуға құштарлық танытып отырғандары кімді болмасын қызықтырары анық. Бұрынғылар «Күлсең, кәріге күл» деуші еді, ал әжелеріміздің бұл әрекеттері нағыз үлгі тұтатын қасиет емес пе?! Ердәулет ТҰРАПБЕКҰЛЫ. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы.