• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2016

Солтүстік Қазақстанда табиғат қорғау прокуроры тағайындалды

388 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 9 ақпан. Бас прокурордың бұйрығымен Жаслан Өндірісұлы Смағұлов облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық прокуратураның басапсөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жаслан Смағұлов 1983 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Петровка ауылында туған. 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылдан бері прокуратура органдарында қызмет атқарып келеді. Петропавл қалалық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімі бастығы, Мағжан Жұмабаев ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған. Ол бұған дейін Петропавл қаласы прокурорының орынбасары болған. Өмір Есқали. Дерек: облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Сурет: sko.prokuror.kz.