• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2016

Солтүстік Қазақстанда «Асыл мұра» орталығының орны бөлек

349 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 9 ақпан. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жанындағы «Асыл мұра» ғылыми-зерттеу орталығының 15 жылдығы айтулы оқиға ретінде атап өтілді. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Шара Сәбит Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада ұйымдастырылып, оған облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова қатысты. Ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Таңат Сүгірбаев ұйымның құрылу, қалыптасу кезеңдері жайлы кеңінен баяндап берді. Аталған уақыт ішінде 69 кітап пен 200-ден астам мақала жарияланыпты. Жарық көрген зерттеулердің басым бөлігі өшкен тарихымызды түгендеп, ұлттық мәдениетіміз бен төл әдебиетімізді қайта жаңғырту секілді сүбелі тақырыптарға арналған. Бүгінде орталық тарихқа, мәдениетке және сөз өнеріне қызыққан қауымға мол ақпарат беретін ғылыми және тарихи шаңырақтың бірі саналады. Кәсіби адалдық, сауаттылық секілді зор жауапкершілікті арқалаған жергілікті өлкетанушылар жұртшылыққа есімдері танылмай келген ұлы тұлғалардың өмірлерінің беймәлім қырларын зерттеп, зерделеуде атқарған еңбектері орасан. Анархан Қалиқызы облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан орталық жетекшісі Таңат Сүгірбаевқа «Алғыс хат» пен сыйлық табыс етті. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының әртістері «Қожаберген мен Сабалақтың кездесуі» қойылымынан үзінді ұсынды. Өмір Есқали. Дерек, сурет: egemen.kz.