ҚОСТАНАЙ. 9 ақпан. Қостанай облысында жыл басынан бері «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация жанынан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы жұмыс істей бастады. Орталық бизнес пен мемлекеттік органдардың өз ара әріптестік қатынасын ұйымдастыру алаңына айналмақ. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру және кеңес беру орталық жұмыстарының бірі саналады. Сонымен қатар жергілікті жерде жасалған жобалардың құжаттарын дайындасу, келісімдер жасау, бюджеттік қаржысына жасалатын жобалар қаржы-экономикалық негізін талдау секілді көптеген қызметтер атқарылатын болады. Бүгінгі күні орталық облыс әкімшілігімен бірлесіп, жобалар пулын анықтады. Оған денсаулық саласынан 5 жоба, білім саласынан 8 жоба, тұрғын үй құрылысынан 3, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығынан 2 жоба енетін болды.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі орталығының директоры Бақытбек Молдахалықов: «Әрине осы жобалармен тізім бітпейді, алдағы уақытта жаңа ұсыныстар да қаралатын болады», – деді.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz.