• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2016

Атырау облысында басқарма басшысы тағайындалды

209 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 9 ақпан. Атырау облысында Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Еркін Шпанов басқарма басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің өкімімен Еркін Шпанов облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ол еңбек жолын №29 жол-құрылыс басқармасында 2-санатты жұмысшы болудан бастаған. Кейін заңгер мамандығын алған. Ұзақ жылдар облыстық ішкі істер саласында еңбек етті. Аудандық ішкі істер бөлімдерін басқарды, облыстық ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбасары лауазымын атқарды. 2010-2012 жылдары облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жетекшілік етті. 2012 жылдан бері V шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты болды. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек, сурет: egemen.kz.