ШЫМКЕНТ. 9 ақпан. Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен, өңір басшысының өкімімен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Ұласбек Сәдібеков тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады
Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппараты әлеуметтік-мәдени кешені бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы жастар ісі және ішкі саясат департаментінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек, Сарыағаш аудандарының әкімі, «Нұр Отан» ХДП-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
2012 жылғы қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып еңбек етіп келді.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, сурет: egemen.kz