• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2016

Никарагуада зика безгегін жұқтырғандар саны артып барады

254 рет
көрсетілді

АСТАНА. 9 қаңтар. Никарагуада зика безгегін жұқтырғандар саны 38 адамға жетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қауіпті індетті жұқтырғандардың басым бөлігі мемлекет астанасы Манагуа қаласының тұрғындары. Осыған байланысты өткен аптаның соңғы күндері ауру таратқыш aedes aegypti масаларын жою үшін 1 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, тұрғын үй кешендері мен мекемелерде арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2016 жылдың 1 ақпанында Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінде зика безгегінің жылдам таралуына байланысты дабыл қаққан. Бұл індетті жұқтырған болашақ анадан микроцефалия ауруымен ауыратын сәбилер туылады. Ол өз кезегінде сәбидің бас сүйегінің қажетті мөлшерде өсуіне кедергі жасап, ми құрылысының дамуына зиянын тигізеді. Осыдан соң, нәрестенің ойлау, көру, есту қабылеттері төмендейді. Бұл кезде арнайы вакциналар көмектеспейді. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: ilpost.it.