ПЕТРОПАВЛ. 9 ақпан. Солтүстік Қазақстан облысындағы Кеңес Одағының Батыры Ысқақ Ыбыраев ауылында «Жазушы Герольд Бельгер – заман тұлғасы» атты республикалық конференция өтті. Онда жазушының балдаурен балалық шағы мен өмір жолы айтылды. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жергілікті мәдениет үйіне жиналған жұртшылық алдында облыс әкімінің орынбасары Анархан Қалиева аймақ басшысының құттықтауын жеткізгеннен кейін белгілі жазушы, аудармашы, көрнекті қоғам қайраткері, Президенттің « Бейбітшілік пен рухани келісім» сыйлығының иегерінің өмірі мен шығармашылық жолы жайлы баяндады.
Сондай-ақ, жазушы Тынымбай Нұрмағанбетов 40 жылдай араласқан досы жайлы тебірене айтса, Қазақстан немістері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Дедерер Герағаның балалық, жастық шағынан сыр шертті.
Айта кетейік, шараға қатысқан барлық қонақтар сөз алып, Герольд Бельгер жайлы естеліктер айтты. Конференция аяқталған соң жерлесіміздің рухына бағышталып ас берілді.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: egemen.kz.