• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2016

Германиядағы пойыздар соқтығысы: құрбандар саны өсіп жатыр

317 рет
көрсетілді

АСТАНА. 9 ақпан. Германияның Бавария жеріндегі Бад-Айблинг қаласы маңында пойыздар бір-бірімен соқтығысып қалды. Бұл туралы «Россия 24» телеарнасы мәліметіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға 9 ақпан күні таңертең сағат 7 кезінде орын алған. Осы уақытта бір-бірлеріне қарама-қарсы келіп қалған пойыздар соқтығысқан. Мәлімет бойынша, апат салдарынан 8 адам қаза тапқан. Жалпы, 150 адамның зардап шеккендері айтылып жатыр. Бірақ уақыт өткен сайын жантәсілім еткендер санының ұлғайып келе жатқаны байқалады. Қазір оқиға орнында құтқарушылардың бірнеше бригадасы жұмыс жасауда. Сондай-ақ 100 құтқарушы мен дәрігерлер осында жүр. Оқиға болған бойда бұл жерде пойыздар қозғалысы тоқтатылды. Апаттың себебі анықталып жатыр. Талғат Райымбек. Дерек, фото: Россия 24