• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2016

Қарағанды облысындағы ауруханада науқасқа пышақ жұмсалды

238 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 9 ақпан. Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында орналасқан ауруханалардың бірінде екі науқас төбелесіп, бірі екіншісін пышақтап тастады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқыс оқиға туберкулезге қарсы ауруханада болды. Дене жарақатын алған науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен соң, дәрігерлер зардап шеккен азаматтың денсаулығына төнген қауіптің жоқтығын мәлімдеді. Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Сурет: slawyanka.info.