• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2016

Жауынгерлік техниканың заманауи үлгілері

678 рет
көрсетілді

Қазақстанның инженерлік әскерлер бөлімшелері мен құры­лымдарына өте жауапты мін­дет жүктелген. Олар Құрлық әскер­лерінің бөлімшелері мен жалпы әскери бөлімдеріне жауынгерлік іс-қимыл жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. «Инженерлік әскерлер бейбіт уақытта да өзіне міндеттелген сан алуан тапсырмалар кешенін іске асырады. Мәселен, эвакуация­лау айла-тәсілдерін, шабуылда әскерлердің жылжуын қамтамасыз етеді, жолдар салады, сулы тос­қауылдан өтуді жабдықтайды, қар­­сыластардың бөгеттеріне өт­­келдер жасайды, қозғалыс жолдарын инженерлік барлау, басқару бөлімдерін құруды жүзеге асырады. Сонымен қатар, суды өңдеу мен тазарту арқылы әскерді қажетті су қорымен қамтамасыз етеді», – деп атап өтті ҚР ҚК ҚӘ ББ инженерлік әскерлер бастығы полковник Нұрлан Шаймахов. Сондай-ақ, еліміздің барлық аймағында инженерлер жарылғыш заттарды табу, анықтау және жоюды қамтамасыз етеді. Бүгінде инженерлік әскерлер инженерлік жарақтандыру құрал­дарымен және қажетті техникамен жабдықталған. Алда сапалы қайта жабдықтау жүргізіледі деп күтілуде. «2017-2018 жылдары Құрлық әскерлеріне қарайтын әскерлерді заманауи құралдармен және техникалармен қайта жаб­дықтау жоспарланған. Бұл жер қа­затын инженерлік техника, мина жарғыш шептер орнату мен барлау жүргізу техникасы, фор­тификациялық жабдықтар, қорғаныс шептері, суды анықтау және тазартуды қамтамасыз ету құралдары», – дейді полковник Нұрлан Шаймахов. Қазіргі уақытта Қазақстанның Құрлық әскерлерінің құрамында саперлік бригадалар, жеке бө­лім­шелер, сондай-ақ, жалпы әскери бригадаға қарасты инженерлік бөлімшелер бар. Оның ішіне 68665 әскери бөлімінің инженерлік-саперлік ротасы кіреді. Басқа да ин­женерлік бөлімшелер сияқты аталған рота да ҚР ҚК ірі жауынгерлік жаттығуларына қатысады. Инженерлер, қызметшілер мұн­да өз шеберліктерін шыңдап, тео­риялық және тәжірибелік білік­тіліктерін нығайтады. Әскери мамандардың құрамы Құрлық әскерлері Әскери инсти­тутының және жоғары оқу орын­дарының әскери кафедраларының түлек­терімен, 10228 әскери бөлімі кіші мамандарымен толығып отырады.   «Егемен-ақпарат».