• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2016

Ынтымақтастық ахуалы сөз болды

284 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Мәскеуде Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың жағдайын, өнеркәсіп саласындағы, көлік транзиті және коммуникациялық салалардағы ынтымақтастықты талқылады. Бақытжан Сағынтаев пен Игорь Шувалов, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі көкейкесті мәселелерді де әңгіме өзегіне айналдырды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық өзара байланыстардың барлық спектрі бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге деген мүдделіліктерін білдірді.
Соңғы жаңалықтар