БАҚ өкілдерімен кездесу өткізген «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев осылай деді. Оның айтуынша, «Ақ жол» демократиялық партиясы сайлауалды науқанына кірісуге қажетті материалдарды дайындап, өңір-өңірлерге, аймақтарға тарату жұмыстарын бастамақ.
Үгіт-насихат кезіндегі керекті заттар арасында сайлауға түсушілер жөніндегі плакаттар мен сайлауалды бағдарламалық кітапша, мойынорағыштар және партия белгісі қойылған сырт киімдер де бар. Және де оны дайындау барысында отандық өнім мен елдегі өндіріс қолданылған.
Мысалы, сайлауалды науқаны бойынша үгіт-насихат жүргізуде пайдаланылатын формалар Алматыда жасалған болса, басқа заттар Астанада даярланған. Сонымен қатар, елдің жылы аймақтарына жеңіл кеудешелер таратылмақ. Ендігі кезекте аталған партия 20 ақпаннан бастап заңды түрде үгіт-насихат жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр.
Эльмира МӘТІБАЕВА,
«Егемен Қазақстан».