• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2016

Зика безгегі Үндістандағы көлік өндірісіне зиянын тигізді

418 рет
көрсетілді

АСТАНА. 24 ақпан. Таяуда Үндістан астанасы – Нью-Дели қаласында отандық автокөлік өндірісінің көрмесі өтті. Онда осы елдегі ең ірі автоконцерн – Tata компаниясы Zica деп аталатын жаңа көлік түрін жұртшылық назарына ұсынған болатын. Алайда, жаңа модельдің атауы бүгінде бүкіл әлемді алаңдатып отырған індетпен бірдей болғандықтан, көпшіліктің кері әсерін тудырды. Бұл туралы rg.ru порталына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Негізінде көліктің толық атауы Zippy Car («үнемді автомобиль») екен. Маркетологтар осы екі сөзді біріктіріп, тілге жеңіл атау ойлап тапқанымен, қысқарған нұсқасы көпшіліктің көңілінен шықпады. Нәтижесінде компания жетекшілері жағымсыз сөзден арылып, жаңа көлікті Tiago деп өзгертуге мәжбүр болды. Бұл атау ашық байқау қорытындысы бойынша таңдап алынды. Айта кетейік, Zica атауын өзгерту ісі кейін қолға алынғандықтан, автомобиль көрмесінде аталған көлік безгектің атымен таныстырылды. Еламан Қоңыр. Дерек: rg.ru. Сурет: tatamotors.com.