• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2016

Жасалған жағдайға – қайтарымды қызмет

200 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюд­­жеттің орындалуын ба­қы­лау жөніндегі есеп коми­тетінің төрағасы Қозы-Көр­пеш Жаң­быршинді қабылдады, деп хабарлады Президенттің бас­пасөз қызметі. Қ.Жаңбыршин Мемлекет бас­шысына Есеп комитетінің 2015 жылғы жұмысының негізгі нәти­желері, бюджет қаражатын жос­парлау мен пайдалануда үнемі кездесетін проблемалар, сондай-ақ, алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндады. Қазақстан Президенті өткен жылы қабылданған «Мемлекеттік ау­дит және қаржылық бақылау туралы» Заңды жүзеге асыруды және мемлекеттік аудитке тиімді түрде көшуді қамтамасыз етуді тап­сырды. Нұрсұлтан Назарбаев бұған қажетті жағдайлар жа­сал­ғанын, комитет мәртебесі көтеріліп, мақсаттарының аясы кеңейтілгенін, тиісті мамандарды қайта даярлау жүргізіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар, Мемлекет бас­шысы аудиттің қаржы мәсе­ле­лерін ғана емес, орган қызметінің тиімділігін барлық бағытта баға­лауды да қамтуы тиістігіне назар аударды. Қ.Жаңбыршин өткен жылы Есеп комитеті 303 нысанда 29 бақылау шарасын жүргізгенін мәлімдеді. Анықталған қар­жы­лық заң бұзу­шы­лықтар құны­ның көлемі 2014 жылмен салыс­тырғанда 3 есе ұл­ғайып, 1,3 триллион теңге болған. Бақылау шараларының нәтижесі бойынша орны толтырылуға тиіс 128,8 миллиард теңгенің 87,2 миллиард теңгесі өтелген. Есеп комитетінің төрағасы жүр­­гізілген тексерулер мен бақы­лау-талдау шаралары қоры­тын­дысы бойынша Үкіметке және бас­қа да бақылау нысандарына 46 ұсы­ным мен 180 тапсырма жолдан­ғанын айтты. Бұл орайда ұсы­нымдар мен тапсырмалардың орын­далуы тиісінше 98% және 95,8% болды. Қ.Жаңбыршин бюджеттік және басқа заңнамаларды бұзға­ны үшін 75 заңды тұлға және 66 лауа­зымды тұлға әкімшілік жауап­­кершілікке, 271 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тар­­тыл­ғанын атап өтті. Құқық қор­­ғау органдарына бақылау ша­ра­­ларына қатысты 40 материал берілді. Есеп комитетінің төрағасы Ас­тана және Алматы қала­лары­ның, сондай-ақ, облыстардың ревизиялық комиссияларының 2015 жылғы қызметінің негізгі нәтижелері туралы да баяндады. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша мем­лекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.