• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №72

345 рет
көрсетілді

2016 жылғы 18 ақпан, Астана, Үкімет Үйі Тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай операторды белгілеу туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 60-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазавиқұтқару» акционерлік қоғамы бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператор болып белгіленсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.