• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2016

Былтыр Ақмолада 282 мың шаршы метр баспана берілді

5265 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 25 ақпан. Ақмола облысында 2015 жылы 282 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Өткен жылы сала бойынша инвестиция көлемi 27 млрд. теңгеге жетіп, 2406 отбасы жаңа пәтерге ие болған. Олардың 146-сы «Қолжетiмдi баспана-2020» бағдарламасы аясында арендалық пәтерлерге ие болса, 472-сi «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» мен «Қазақстанның несиелiк компаниясы» желiсi бойынша пәтер кілттерін алды. Биыл қолжетiмдi баспана бойынша құрылыс жұмыстар жалғасатын болады. Бүгiнгi күнi Ақмола облысы тарапынан Ұлттық экономика министрлiгiне 3,2 млрд. теңге сомасына тұрғын үй салу бойынша 28 жоба ұсынылып отыр. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.