• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
29 Ақпан, 2016

Қарағандыда дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері ұсталды

246 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 29 ақпан. Қарағандыда букмекерлік кеңселерге бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер қолға түсті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қарақшылық шабуылдарға қатысы бар екі күдікті ұсталған. Олардың бірі – 24 жастағы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері болса, екіншісі 27 жастағы жұмыссыз ер адам. Күдіктілер бетперде киіп, букмекерлік кеңселердің қызметкерлерін қарумен қорқытып, ақшаны тартып алғаннан кейін, оқиға орнынан бой тасалап отырған. «Екі күдікті де бес рет қарақшылық шабуыл жасағандарын мойындарына алды. Заттай айғақтар алынып, олардың осындай басқа қылмысқа қатыстылықтарының бар-жоғы тексерілуде. Ұсталғандар уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады облыстық ішкі істер депаратаментнің баспасөз қызметі. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Сурет: nur.kz.