• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2016

Ақтөбелік жас ақын республикалық айтыстан жүлдемен оралды

497 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 1 наурыз. Ақтөбелік жас ақын республикалық айтыстан олжалы оралды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жыл сайын облыстық халық шығармашылығы үйі жас айтыскерлер мектебінің мүшелері облыстық және республикалық айтыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді. Осы жылдың 25-26 ақпан күндері Алматы облысының Ұзынағаш ауылында ұйымдастырылған республикалық «Жыр алыбы – Жамбыл» атты дәстүрлі жас ақындар айтысына облыс атынан аталған айтыскерлер мектебінің мүшесі, М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Әлихан Жақсылық қатысып, бірінші орынға ие болды. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz.