• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2016

Наурыз айында Қазақстанда ауа райы -27 градусқа дейін суытады

272 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 наурыз. Қазақстанның бірқатар өңірінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты күн құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының кей аймақтарында тұманды ауа райы тіркеліп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Ауа температурасы -12-20 градусқа дейін баруы мүмкін. Түнде және таңертең секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Сондай-ақ, ауа температурасы -27 градусқа дейін барады. Ал Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының кей аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Аян Әбдуәли. Дерек: «Қазгидромет». Сурет: misanec.ru.