• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2016

Оманда жол апатынан 18 адам қаза тапты

260 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 наурыз. Оманда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 18 адам қаза тапты. Сондай-ақ, 14 адам түрлі дене жарақатын алды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға Ибри және Фахуд қалаларының арасында болды. Зардап шеккендерге дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізілді. Апат болған жерде полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның себебі әзірге белгісіз. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Сурет: nbnews.com.ua