• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2016

Байқаушылар қатары қалың

307 рет
көрсетілді

Кеше Орталық сайлау комиссиясы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден тағы 20 байқаушыны аккредиттеді. Орталық сайлау комис­сия­сының хатшысы Бақыт Мелде­шов­тің айтуынша, 2016 жылғы 1 наурызда Орталық сайлау комиссиясы «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Мәжілісі депу­тат­тарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттер байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабыл­дады. Осы қаулыға сәйкес Орт­сай­лауком Қазақстан Рес­пуб­­ликасы Сыртқы істер министр­­лігінің ұсынуы бойынша екі ха­лықаралық ұйымнан және жеті шет мемлекеттен 20 байқау­шыны аккредиттеді. Олардың ішінде 2 байқаушы ТМД миссиясынан, 4 байқаушы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясынан, сондай-ақ, Армения, Әзер­бай­жан, Грузия, Латвия, Малай­зия, Ресей Федерациясы және Эсто­ниядан екі-екіден байқаушы бар. Ке­шегі күнгі жағдай бойынша Ортсайлауком екі халық­ара­лық ұйымның миссияларынан (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД), бір халықаралық ұйымнан (Ис­лам ынты­мақ­тастығы ұйымы) және сегіз шет мемлекеттен 175 бай­қау­шыны аккредиттеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2016 жылғы 29 ақпандағы жағдай бо­йынша 26 мемлекеттен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 112 өкілін аккредиттеді. «Шет мемлекеттер мен халық­аралық ұйымдардың байқау­шы­ларын аккредиттеуді Ортсай­лауком 2016 жылғы 14 нау­рызға дейін жүзеге асырады, – деді Б.Мелдешов. – Орт­сай­лауком «Сайлау туралы» Заң­ның 19-бабы 8-тармағына сәйкес сайлау заңнамасында белгі­лен­ген тәртіпте сайланғанға дейін шығып қалғандардың орнына Маң­ғыстау облыстық сайлау ко­миссиясының мүшесі етіп Г.Сүйеуованы және Астана қала­лық сайлау комиссиясының мүшесі етіп Ш.Мырзабекованы тағайындады». Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.