• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2016

Нобель сыйлығына 376 адам үміткер болды

298 рет
көрсетілді

АСТАНА. Нобель сыйлығына ұсынылған кандидаттар саны 376 адамға жетті. 2014 жылмен салыстырғанда жүзге жуық адамға артық. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Нобель сыйлығына 228 адам және 148 ұйым үмітті. Алайда, әзірге олардың толық тізімі жария етілмейді. Ал жеңімпаз қазан айында белгілі болады. Алдын ала болжам бойынша, Нобельге ұсынылғандар арасында Пентагон құпияларын әшкерелеген Даниэль Эллсберг, Рим папасы Франциск, АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп бар. Нобель – жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар, қоғам, мәдениет дамуына зор үлес қосқан еңбектері үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі. 1895 жылы құрылған және Альфред Нобельдің өсиетнамасы сәйкес жеңімпаздарды анықтайды. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.