• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Наурыз, 2016

Оралда қоғамдық орынды қасақана бүлдіргендер қолға түсті

259 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 17 наурыз. Оралда қоғамдық орындағы тақтайшаны қасақана қиратқандар қолға түсті. Бұл туралы batysnewskz.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жергілікті полиция қызметі 10-наурыз күні түнде «Мен Оралды сүйемін» деген жазудың әріптерін сындырып, іздерін жасырған бұзақыларды тауып, жауапқа алды. Себебі, олар қоғамдық орынды бүлдіріп қана қоймай, коммуналдық кəсіпорынға айтарлықтай шығын келтіріп отыр. Бейнебақылау қондырғысының көмегімен 3 жас азамат анықталып, ұсталған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бүгінде аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұзақылар қасақана біреудің мүлігін бүлдіру, үлкен шығын келтіру фактісімен айыпталып, оларға 2 мың АЕК көлемінде айыппұл салу жазасы тағайындалуы немесе түзету жұмысына тартылуы мүмкін. Әлде 2 жыл мерзімге бас бостандықтары шектеліп немесе айырылады. Темір Құсайын. Дерек, сурет: batysnewskz.kz.