• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Наурыз, 2016

Қытай «жаңа экономикалық» тұжырымдама жасады

361 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 17 наурыз. Қытай жаңа экономикалық трансформацияны ілгерілету мен жаңа қозғаушы күштің қуатын арттыру үшін «жаңа экономикалық» тұжырымдама жасады. Бүкілқытайлық халықтар өкілдерінің  (БҚХӨ) ХІІ шақырылған сессиясының аяқталуына орай баспасөз мәслихатын өткізген Қытай Халық Республикасы мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян осылай мәлімдеді. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Саясаткер өз сөзінде «жаңа экономика» тұжырымдамасында қызмет көрсету индустриясы мен электронды коммерциядан, интернеттен тыс өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы саласын мейлінше нығайту көзделгенін ерекше атап өтті. Ескірген өндірістік қуаттарды жаңалап, жаңа жұмыс орнын ашу – басы артық өндірістік қуат көздерін қысқартуға төте жол ашады. «Егер халық бұрынғыдан да белсенділік танытып, жігерлі іс-қимыл үрдісін үдетсе, Қытай экономикалық құлдырау қысымынан оңай құтылады, сол арқылы экономикалық трансформацияны алға жылжытады деген сенімдемін», – деді Ли Кэцян тілшілерге берген сұхбатында. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: «Синьхуа».