Кеше ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Әскери полиция мамандарын даярлау орталығында «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жинағынан қарулар коллекциясы» атты көшпелі экскурсиялары көш жалғады. Көрмеге келушілер бірегей топтамалармен, ондағы құнды жәдігерлермен жақыннан көріп танысуға мүмкіндік алды.
Отанға қызмет ету – әрбір азаматтың құрметті парызы. Алайда, әскери адамдардың түрлі мәдени мекемелерге барып, мұндай қызықты экспонаттарды тамашалауға мүмкіндіктері бола бермейді. Мұны ескере отырып, «» келушілер үшін сирек жәдігерлерді, суық қарулардың түр-түрін көрсетілімге қойды.
Аталған шара аясында «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жинағындағы қарулар коллекциясы» экспозициясы бойынша көшпелі экскурсия адамзаттың әлеуметтік тарихындағы ежелгі қару сыйлау дәстүрімен, әлемге әйгілі Құбашы және Златоуст қару-жарақ шеберлерінің туындыларымен таныстырды.
Сондай-ақ, «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» экспозициясы бойынша ұйымдастырылған көшпелі экскурсия әлемнің көптеген елдеріндегі мемлекеттік наградалармен марапатталу жүйесін кеңінен таныстырды.
Шара барысында бірегей материалдар кешені, оның ішінде фотосурет, бейнематериалдар және ең негізгісі – «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің» қор жинағындағы жәдігерлер ұсынылды.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».