• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
01 Сәуір, 2016

Шығыс Қазақстанда әкімшілік сотының төрағасы тағайындалды

315 рет
көрсетілді

ӨСКЕМЕН. 1 сәуір. Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испановтың өкіміне сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы әкімшілік сотының төрағасы болып Ерғали Орынбекұлы Айтпай тағайындалды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ерғали Айтпай 1981 жылы 5 қарашада туған. 2002 жылы Д.Қонаев атындағы университеттің заңгер мамандығын бітірді. Еңбек жолын 2002 жылы Жамбыл облысының әділет органында бастаған. Осыдан соң Әділет министрлігінде 2007 жылға дейін қызмет етті. 2007-2011 жылдар аралығында Мәжіліс депутатының көмекшісі және Мәжіліс аппараты заңнама бөлімінің консультанты болды. 2011 жылы Қостанай облысы сот кеңсесі жетекшісінің орынбасары лауазымын атқарған. 2013 жылдың мамыр айынан қараша айына дейін Астана қаласы нотариальды палатасының төрағасы, 2013 жылдың қараша айынан бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша әкімшілік сотының жетекшісі қызметін атқарды. Думан Анаш. Дерек, фото: Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.