• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
01 Сәуір, 2016

Астанада 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

348 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 сәуір. Астанада 4 849 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 349 жаңа жұмыс орны өнеркәсіп, 1 103-і – сауда, авто және мотоциклдерді жөндеу, 238-і – көлік және қойма, 771-і – білім және денсаулық сақтау, 660-ы – құрылыс саласында болса, 1 728 жұмыс орны экономикалық қызметтің басқа түрлерінде ашылды. Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы 1478 адамды жұмысқа орналастырған. Өндірістік тәжірибеден өтуге 218 түлек жіберілсе, 39 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. Дастан Кенжалин. Дерек: astana.gov Сурет: egemen.kz