• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2016

Алдағы қызметіне табыс тіледі

345 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі акаде­мия­сының президенті Дархан Қыдырәліні қабыл­дады. Ол жоғарғы палатаның басшысын нау­рыздың соңында БҰҰ штаб-пәтерінде бол­ған «Жібек жолының бойындағы синергия және БҰҰ-2030 күн тәртібі» халықаралық симпозиумы туралы хабардар етті. Жоғары деңгейдегі форум алғаш рет Ұлы Жібек жолының аясындағы жан-жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады және БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге тиісті ұсынымдар әзірледі. Қ.Тоқаев Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Түркі академиясының қызметіне алдағы кезеңдерде де табыс тілей отырып, ел игілігі жолында еңбектене берудің ұлы мақсат екенін білдірді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.