• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
07 Сәуір, 2016

Оңтүстікте кадрлық ауыс-түйістер болды

301 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 7 сәуір. Оңтүстік Қазақстан облысында біраз кадрлық өзгерістер болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Атап айтқанда, облыс әкімінің орынбасары болып Жақып Бөкенбаев тағайындалды. Бұған дейін облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы болып қызмет істеген Алмас Мамытбеков Ордабасы ауданының әкімі қызметіне кірісті. Ал, Ордабасы ауданын басқарып келген Самат Сапарбаев диқаншылығымен аты шыққан Сайрам ауданына барды. Шағалалы Шардарада да өзгеріс бар. Облыстық мәслихаттың хатшысы болып тағайындалған Хамит Айтөреевтің орнына облыста экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып қызмет еткен Арман Абдуллаев тағайындалды. «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының төрағасының бірінші орынбасары болып бекітілген Болат Қыстауовтың орнына Қазығұрт ауданының әкімі болып Төлеген Телғазаев тағайындалды. Бақтияр Тайжан. Дерек, фото: egemen.kz