• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Сәуір, 2016

Кембриджден келіп дәріс оқыды

276 рет
көрсетілді

Кеше Ұлттық академиялық кітап­ханада парсы әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Фирдоусидің «Шахнама» дастанына арналған семинар өтті. Семинар жұмысына «Шахнама» Кембридж орталығының парсы зерттеулері бойынша же­текшісі (Кембридж университеті) Фируза Мел­вилл (Абдуллаева) және аталған оқу орнының профессоры, тарихшы Мелвилл Чарльз Петер қатысып, «Шахнаме» тақырыбында дәріс оқыды. Жиын барысында Ұлттық академиялық кі­тапхана мен Кембридж университетінің ара­сындағы ғылыми жобалар, бірлескен конференциялар, кітап көрмелері, дөңгелек үстелдер, дәрістік курстар, кітап шығару саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Фируза Мелвилл (Абдуллаева) мен Мелвилл Чарльз Петер Ұлттық кітапханадағы сирек басылымдар және қолжазбалар топтамасымен танысып, қорда сақталған кітаптардың тарихынан маңызды мағлұматтар алды. Шетелдік профессорлар елімізге Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігінің қолдау көрсетуі нәтижесінде, сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрлігінің, сонымен бірге, Ұлттық академиялық кітапхананың шақыруымен арнайы келгенін естеріңізге саламыз. Бұл басқосу Ұлттық кітапхана басшысы Үміт­хан Мұңалбаеваның Ұлыбритания кітап­ха­наларына жасаған жұмыс сапарының арқасында жүзеге асқанын айта кетсек дейміз. Екіжақты ынтымақтасу перспективаларын талқылау мақ­сатында Кембридж университетінің профессорлары алдағы уақытта Халықаралық түр­кі академиясына, Назарбаев Университетке және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне де баруды жоспарлап отыр. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан».