Жақында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегацияның Сингапур Республикасына сапары өтті.
Сапар кезінде Р.Жошыбаев Сингапур Республикасының Жоғарғы мемлекеттік сыртқы істер министрі Мұхамад Малики Османмен, Туристік агенттер ұлттық ассоциациясының президенті Дэвиндер Оримен, Сауда және индустрия министрлігі басшыларымен, Сингапурдың ЭКСПО-2017-ге
қатысуына жауапты тұлғалармен және мемлекеттің іскерлік топтарымен кездесті.
Сингапурдың сыртқы саясат ведомствосында екі ел ынтымақтастығының ахуалы мен перспективалары талқыланды және сингапурлық тараптың ЭКСПО-2017-ге қатысуы туралы пікірлермен алмасуы өтті. Комиссар сұхбаттасушыға Қазақстанның көрмеге дайындық шеңберіндегі атқарылып жатқан жұмысы туралы хабарлады. М.Осман өзі тарапынан Сингапур мемлекетінің халықаралық көрмеге қатысу қызығушылығы туралы және көрменің әлемдік қоғамдастыққа маңыздылығын атады.
Сингапурдың халықаралық көрмелерге қатысуы үшін жауапты Сауда және индустрия министрлігінде ЭКСПО-2017 көрмесі туралы тұсаукесер өткізілді. Кездесуде мемлекеттік бюджеттен дамуына 2007 жылдан бері «жасыл» энергетика секторының 3,4 млрд. доллар бөлінетіндігі ескерілді. Бүгін бұл сала 18 мың жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Тараптар Сингапурдың «жасыл» энергетика саласындағы жетістіктерін көрсетуге ЭКСПО-2017 көрмесі жақсы алаң болатынына сенім білдірді.
Туризм саласында бірлескен жобалардың жүзеге асырылуы, сингапурлық туристік компанияларды ынтымақтастыққа тарту және екі ел астанасы арасында әуе қатынасын ашу мүмкіндігі Сингапурдың Туристік агенттер ұлттық ассоциациясында (ТАҰА) талқыланды. Кездесулер нәтижесінде «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы мен ТАҰА арасында туризм бойынша Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Құжат бойынша ЭКСПО-2017 көрмесін Сингапурда және Қазақстанды Сингапурдың ең тартымды туристік бағыттары ретінде ілгерілету күтілуде.
«Егемен-ақпарат».