• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Сәуір, 2016

Күн тәртібі нақтыланды

300 рет
көрсетілді

Кеше Мәжіліс Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Онда депутаттар талқысына «Қазақстан Респуб­ли­касының Үкіметі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қазақстан Республикасында офис­тер құру және олардың жұмыс істеуі туралы ке­лі­сімді ратификациялау туралы» заң жобасы ұсынылмақ. Бұл келісімге 2016 жылдың 21 қаңтарында Швей­царияның Давос қаласында Дүниежүзілік эконо­микалық форум аясында қол қойылған. Жаңа келі­сім Дүниежүзілік банктің Қазақ­стан­дағы барлық офистері мен қыз­мет­керлерінің мақсаттарын, мәрте­бесін, артықшылықтары мен иммунитеттерін айқындайды. Сонымен қатар, жалпы оты­рыста Қазақстан халқы Ассамб­леясының депутаттық тобын тіркеу мәселесі қаралмақ.