• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Сәуір, 2016

Отпен ойнаған түбінде опық жейді

397 рет
көрсетілді

Қазақстан Президентінің Вашингтонда өткен саммитте жасаған мәлімдемесі халықтың қызу қолдауына ие болуда. Елбасының саясатын үнемі қолдап, бастамаларына үлес қосып жүрген белгілі кәсіпкер, заң ғылымдарының докторы Қайрат БАЛАБИЕВКЕ жолығып, пікірін білген едік. – Дағдарыстың алғашқы тол­қыны соққанда Елбасының кәсіпкерлерге жасаған өтіні­шін бірінші болып қолдап, әлеу­мет­тік жағынан аз қорғалған отба­сы­ларға көмек қолын созған едіңіз. Бүкіл әлем халқын тол­ған­дыр­ған сұрақтар бо­йын­ша өткен саммитте айтылған мәсе­ле­лерге бай­ланыс­ты не айтасыз? – Қазақстан – әлемде бірінші бо­­лып ядролық қарудан бас тарт­қан мемлекет. Осыдан аттай 25 жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы­мен Семей ядролық сынақ аймағы бір­жола жабылды. Айтқанға ғана оңай. Қазақ халқын бұратана ел санап, олармен есептеспей қолынан ке­ліп тұрған соң қонышынан басқан Ке­ңес өкіметінің қиянатының зардабын қа­­ра­пайым халық әлі де тартып келеді. Семей полигоны­ның зардабы екі қолы жоқ, башпайының саусақтарымен сурет салып, ядролық қасіретті дүниежүзіне әшкерелеген Кәріп­бек Күйіков сынды аза­мат­тардың кәріп-тағ­дырымен біткен жоқ. Семейдегі сынақ полигонының зардабы, сонда тұратын ха­лықтың сүйегіне сіңген кесел оқтын-оқтын қайталанып, талай отбасыға ащы уын ішкізіп келеді. Оның сыртында Капустин-Яр, Азғыр сияқты полигондарда сол маңайда тұратын ауыл тұрғындарының денсаулығына өз зардабын тигізді. Осының бәрін ой елегінен өткіз­ген Нұрсұлтан Әбішұлы бірінші болып ядролық қарудан бас тартып, өзгелерді де қа­тарында болуға  шақыр­ды. Әрине, қолында апат қаруы бар ядролық держава елдері мұндай келісімге көне салады деу қиын. Бірақ, отпен ойнаған түбін­де опық жейді. – Солтүстік Корея мем­лекеті ядролық қару­ды сынақтан өт­кізіп, көрші­лерінің ғана емес, дүние­жүзінің иманын қасым еткендігі белгілі. «Тентек шоқпар жинайды» дегендей, ядролық қару жасауға әуестенудің түбінде қайыры қалай болады? – Жер шары онсыз да қауіптің үстінде отыр. Бірін бірі мойын­да­ғысы келмейтін, бейбітшілікті сақ­тау­дан гөрі атыс қаруына жүгінуге бейіл зорлықшыл мемлекеттердің, әпербақан әскер басшыларының кесірінен миллиондаған бейбіт жұрт зардап шегіп жатыр. Осындай жағдайда Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемесі бейбіт өмір сүруді қалайтын барша азаматтың зор сүйіспеншілігіне ие болды. Осындайда кеудеңді мақтаныш та кернейді. Күні кеше өзге мемлекетке бодан болып, есік көзінде көзі жәутеңдеп отырған Қазақстан өз алдына Тәуелсіздігін алумен қатар, дүниежүзінің ең жанды нүк­тесі қырғи-қабақ соғыстарды бол­д­ырмау, алдын алу жөніндегі келісімдерде жетекші орынға шық­ты. Бұл, әрине, Елбасымыздың сындарлы саясатының жемісі. Бірлескен мәлімдемеде Аме­ри­ка Құрама Штаттары Қазақ­стан Республикасының ядролық қауіп­сіз­дікті нығайту, сондай-ақ, Вашингтон, Сеул және Гаага сам­мит­­тері­нің ядролық қауіп­сіз­дікке қар­сы шешімдерін іске асыру жөнін­дегі күш-жігерін құптайды делінген. Әлемдегі тепе-теңдікті сақ­тауға ұйытқы болып, үлкен ағаның орын­­тағына отырған Американың Қазақ­стан Президентінің бастамасын қолдап-қуаттауы талай кедер­гілердің бетін қайтарады, бейбіт­шілікті орнықтыруға барынша ықпал етеді. Вашингтонда өткен саммитте Ел­басымыздың ХХІ ғасырда әлемге тыныштық керек, біз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы туралы ойлауға тиіспіз, деп талас-тартыстардың соғыс арқылы шешілмейтіндігін талдап беруін әлем халқы мақұлдады. Қанқұйлы біреулерге болмаса, елге тыныштық, бейбіт өмір керек. Қазақстан Президенті адамзат үшін өте құнды осындай мақсатқа қызмет етіп келеді. Бұл – адамзат баласы үшін өте ізгілікті қадам.  Әңгімелескен Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы.