АСТАНА. 9 сәуір. Перудің Куско провинциясында жолаушылар автобусы құзға құлап, 23 адам қаза тапты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мәліметтерге сәйкес, жолаушылардың бәрі аталған провинцияның тұрғындары. Апаттан тағы 30 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жүргізуші таулы жердегі бұрылыста рульге ие бола алмаған. Осының салдарынан автобус Мапачо өзеніне құлаған.
Қазіргі кезде оқиға орнында арнайы құрылған топ құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Аян Әбдуәли.
Дерек: РИА «Новости».
Фото: vistanews.ru