• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
11 Сәуір, 2016

Әлемдегі ең биік ғимараттың құрылысы 2020 жылы аяқталады

345 рет
көрсетілді

АСТАНА. 11 сәуір. Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында салынатын әлемдегі ең биік ғимараттың құрылысы 2020 жылы, яғни «ЭКСПО-2020» дүниежүзілік көрмесіне дейін аяқталады. Бұл туралы «Синьхуа» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Өткен жексенбі күні жаңа ғимараттың таныстыру рәсімі өтті. Жиын барысында Emaar Properties компаниясының басшысы Мохаммед Алаббардың айтуынша, бұл жобаға шамамен 1 миллиард доллар қаржы жұмсалады. Сондай-ақ, мұнараның қаншалықты биік болатыны әзірге белгісіз екенін айтты. Жаңа ғимараттың құрылысы Dubai Creek Harbor жерінде орналасқан, аумағы 6 мың шаршы шақырымды алады. Ішінде ресторандар, дүкендер және қонақүйлер қарастырылған. Сондай-ақ, танымал архитектор Сантьяго Калатрава бұрын-соңды мұндай ғимараттың болмағанын айтты. Айта кетейік, бүгінде әлемдегі ең биік мұнара Дубайда орналасқан. Бурдж-Халифа ғимаратының биіктігі 828 метрді құрайды. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: «Синьхуа».