• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
11 Сәуір, 2016

Қазақстан мен Иран 1 млрд. доллар сомасына 50 келісім жасасты

281 рет
көрсетілді

АСТАНА. 11 сәуір. Тегеран қаласында Қазақстан мен Иран іскерлік кеңесі өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оның қорытындысы бойынша екі ел арасында шамамен 1 млрд. АҚШ доллары сомасына 50 келісімге қол қойылды. Іскерлік кеңестің отырысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Иран Ислам Республикасына сапары аясында болып өтті. Оған Қазақстан мен Ираннан 200-ден астам компания қатысты. Отырыстың қорытындысы бойынша екі елдің бизнесмендері шамамен $1 млрд. сомасына ынтымақтастық туралы 50 келісімге қол қойды. Соның ішінде $304 млн. сомасына 9 құжатқа «Бәйтерек» холдингінің тобы мен оның әріптестері қол қойды. Қазақстандық-ирандық іскерлік кеңестің тең төрағасы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, Қазақстан мен Иран арасындағы екіжақты қатынастың белсенді дамуына екі елдің мемлекет басшылары үлкен рөл атқарды. Дастан Кенжалин. Дерек: egemen.kz Фото:baiterek.gov.kz   baiterek.gov.kz