• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
11 Сәуір, 2016

Испанияда зика безгегін жұқтырғандар саны 80 адамнан асты

271 рет
көрсетілді

АСТАНА. 11 сәуір. Испанияда 88 адамның зика безгегіне шалдыққаны белгілі болды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Испанияның денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, өткен аптадан бері аталған індетке шалдыққандардың саны 24 адамға артқан. Оның ішіндегі 11 адам жүкті әйелдер. Дегенмен олардың денсаулығына ешқандай қауіптің төніп тұрмағаны анықталды. Мәліметтер бойынша, олардың бәрі зика безгегі таралған аймақтарға қыдырып барғандар болып шықты. Министрлік індеттің Барселона, Мадрид, Кастилия және Леон, Арагон, Валенсия, Галисия, Андалусия, Наварра, Астурия, Мурсия, Канар аралдары, Ла-Риоха және Баск елдерінің тұрғындарында таралғанын хабарлады. Осы жылдың 1 сәуіріне сәйкес зика безгегі 47 мемлекетке тараған. Ал Америка аймағында 190 мың адам осы дертке шалдыққан. Айта кетейік, зика маймылдардың жұқпалы ауруы болып есептеледі. Адамдар арасына масалар арқылы тарайды. Ол әсіресе, жүкті әйелдер үшін аса қауіпті. Салдарынан іштегі сәбидің бас сүйегі мен ми құрылысының өз мөлшерінде жетілмеуіне, көру, есту мүшелерінде ауытқушылардың пайда болуына алып келеді. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».