• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
12 Сәуір, 2016

Жарыстар жаңғырығы

214 рет
көрсетілді

Велоспорт. Astana командасының велоспортшысы Диего Роса қолына велосипед ұстап мәреге жаяу келді. Ол «Баск елінің туры» жарысының бесінші кезеңін жеңіп алды. Мәреге санаулы секундтар қалғанда Диего Роса велосипедтен түсіп, оны қолына алып, мәре сызығын басып өтті. Сол жерде велосипедті басынан асырып, сілкілеген спортшыға жанкүйерлер қошемет көрсетті. Турдың бесінші кезеңінде мәреге екінші болып 3 минуттан кейін колумбиялық Серхио Энао жетті. Футбол. Сенбі күні Қазақстан премьер-лигасының 4 туры өтті. Осы турда «Қайрат» жаңа бас жат­тық­тырушы грузиялық маман Кахабер Цхададзенің жетек­шілігімен бірінші жеңісіне жетті. Алматы командасы сырт алаңда «Атырауды» 1:0 есебімен ұтты. Ал,  Қазақстан Суперкубогы үшін матчта «Қайраттан» жеңілген «Астана» әлі жеңілмей келеді. Команда төрт ойынның бәрінде қарсыластарын жеңді. Соңғы турда астаналықтар өз алаңында «Тараздан» 2:1 есебімен басым түсті. Чемпионатта тағы жеңілмей келе жатқан команданың бірі – Павлодардың «Ертіс» клубы да жеңіске жетті. Олар Қарағандыда «Шахтерді» 2:0 есебімен ұтты. Қазір турнир кестесінде «Астана» мен «Ертіс» 12 ұпайдан алып, топ бастап келеді. 4 турда басқа матчтар мынадай есеппен аяқталды:  «Ордабасы» (Шымкент) – «Тобыл» (Қостанай) 2:2, «Ақжайық» (Орал) – «Оқжет­пес» (Көк­шетау) 0:2, «Атырау» (Атырау) – «Қай­рат» (Ал­ма­­ты) 0:1, «Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Жетісу» (Талдықорған) 3:2. Хоккей. Қазақстанның әйелдер құрама командасы Италияның Азиаго қаласында өткен әлем чем­пионатының бірінші дивизионында үшінші орын алды. Қазақстан «В» тобында Италия, Венгрия, Латвия, Қытай, Нидерланд құрамаларымен кездесті. Отандас­тарымыз соңғы матчта алаң иелерімен  ойнап, 1:1 есебі­мен тең түсті.  Осы топта бірінші орынды Венгрия хоккей­шілері жеңіп алды. Қазақстан Қытай мен Нидер­ландты жеңіп, үшеуінде ұтылып қалды. «В» тобында бірінші орын алған Венгрия «А» тобына шықты. Ал, «А» тобының жеңімпазы Германия келесі жылы топ-дивизионда ойнайтын болады. Баскетбол. «Астана» командасы ВТБ бірыңғай лигасында жетінші жеңісіне жетті. Команда сырт алаңда Грузияның «Виту» клубымен кездесіп, 62:53 (15:22, 16:8, 23:9, 8:14) есебімен ұтты. Бұған дейін «Астана» қатарынан 12 рет жеңілген болатын. Қазір Қазақстан командасы турнир кестесінде 16 клубтың арасында 15-орында келе жатыр. Соңғы орында «Астанадан» ұтылған Тбилисидің «Вита» командасы тұр. «Егемен-ақпарат».