• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Сәуір, 2016

Полицейдің ерлігі

300 рет
көрсетілді

бір отбасын аман алып қалды Қостанай облысы, Таран ауданы, Викторов селосында Головколар отбасын жергілікті учаскелік инспектор Ерлан Таңжарықов үлкен қайғыдан аман алып қалды. Апалы-сіңлілі Головколар қызымен және қарт анасымен бірге тұратын. Үйде ер-азаматтың жоқтығын пайдаланған бір бұзақы түн ортасында үйге тасырлап кіріп келеді. Ол келе әйелдерден ақша мен әшекей бұйымдарын қолына салуды талап еткен. Екі сөзге келмей бұзақы екі әйелдің қолын байлап тастап, пышақпен қорқытты. Қарияны төсектің үстіне жатқызып қойды. Осы кезде көрші бөлмедегі төсектің астына тығылып үлгерген 16 жасар Юля учаскелік полицейге телефон шалып, үйіне тез жетуін сыбырлап айтты. Бұл кезде түнгі сағат 4.00 шамасы еді, жұрт қалың ұйқыда жатқан. Полицей тез арада жетіп, үйге кіргенде, байлаулы екі әйелдің жанында пышақ ұстап тұрған жігітті көрді. Полицей кәсіби біліктілігін қолданып, самбо күресінің әдісімен сасқалақтаған бұзақының қолынан пышағын ұшырып жіберді, сосын өзін ұстады. Осы кезде көрші бөлмеде тығылып жатқан қыз шықты. Полицей бұрын үйлерді аралап, қажет болғанда телефон шалу керектігін айтып, визиткалық карточкасын тастап кеткен болатын. Күдікті осы ауылдың бұрын сотталған 21 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазір ол уақытша оқшаулағышта отыр. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан». Қостанай облысы, Таран ауданы.