• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
11 Сәуір, 2016

Елбасы Иранның рухани көшбасшысы Әли Хаменеймен кездесті

205 рет
көрсетілді

АСТАНА. 11 сәуір. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының рухани көшбасшысы Әли Хаменеймен кездесті. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарласты. Кездесу барысында екі ел ынтымақтастығын одан әрі нығайту жолдары талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Иран халықтарын ежелден қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және рухани қарым-қатынас байланыстыратынын айтты. Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасып, терроризммен және экстремизммен күрестің маңыздылығын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев пен Әли Хаменей Қазақстан-Иран қарым-қатынасының сауда және инвестиция, бірлескен жаңа жобалар жасау салаларындағы даму қарқынына қанағаттанушылық білдіріп, осының бәрі екі елдің халқының достығын нығайту жолындағы берік негіз қызметін атқаратынын айтты. Талғат Райымбек. Дерек, фото: akorda.kz.