• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
12 Сәуір, 2016

Сомалиде лаңкестік шабуылдан 5 адам мерт болды

251 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 сәуір. Сомалидің астанасы Могадишо қаласында лаңкестердің әрекетінен 5 адам мерт болды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, көпшілік жиналған жерде бомба қойылған көлік жарылған. Ал Рейтер агенттігі осыған дейін жанкештінің жарылғыш зат орнатылған автомашинамен үкімет ғимаратына кіріп барғаны туралы хабарлаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, лаңкестік шабуылды «Аш-Шабаб» радикалды ұйымы өз мойнына алды. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».