АСТАНА. 12 сәуір. Бразилияда доңыз тұмауынан 100-ден астам адам қайтыс болды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Өткен жылы Бразилияда аталған сырқаттан 36 адам көз жұмған. Сондай-ақ, Сан-Паулу штатында 70-тен астам адам H1N1 вирусының асқынуынан қайтыс болды.
Гояс, Санта-Катарина, Баия және тағы жеті аймақта осындай жағдай тіркелген.
Бразилияның денсаулық сақтау министрлігі аталған вирусқа байланысты ауыр респираторлық синдром 686 адамда анықталғанын мәлімдеді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 76 пайызға артқан. Осыған байланысты Сан-Паулу штатының басшылығы доңыз тұмауына қарсы екпе егуді жеделдету туралы шешім қабылдады.
Аян Әбдуәли.
Дерек: inform.kz.
Фото: 365info.kz.