• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
12 Сәуір, 2016

Олимпиадаға лицензияны жеңіп алған Қазақстан спортшылары

401 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 сәуір. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан споршылары Жазғы Олимпия ойындарына 69 лицензияны ұтып алды. Бұл туралы Штаттағы командалар және спорт резерві дирекциясының баспасөз хатшысы Ардақ Тоғымовтың ақпары бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады. Соның ішінде жарыстың бірнеше түрінен жолдама алған спортшыларымыз бар. Мысалы, ауыр атлетикада 10 жолдама алсақ, әзірге кімнің Олимпиадаға баратыны белгісіз. Оны жаттықтыршылар құрама ақылдаса отырып шешеді. Осы жерде спортшы жарақат алса немесе сырқаттанып қалса команда оның орнына кімнің Олимпиадаға қатысатынын анықтайды. Бұл тізім маусым айында Талдықорғанда өтетін Қазақстан чемпионатында белгілі болады. Олимпиадаға дейін әлі төрт айдай уақыт бар. Қазақстан биылғы додаға қалыптасқан дәстүр бойынша 100-ден аса лицензияны жеңіп алуды мақсат етіп отыр. Айта кететін нәрсе, елімізде бокста ғана атаулы лицензия бар. Яғни, лицензия алған спортшының өзі ғана Олимпиадаға қатысады.   № Спорт түрі Жолдама саны Лицензия саны 1 Бокс (ерлер) 10 10 2 Тяжелая атлетика 10 10 3 Легкая атлетика 13 14 4 Байдарка және каноэде ескек есу 12 7 5 Нысананы көздеу 4 4 6 Қазіргі бессайыс 1 1 7 Грек-рим күресі 3 3 8 Еркін күрес 5 5 9 Әйелдер күресі 4 4 10 Садақ ату 2 2 11 Жүзі 1 2 12 Велошоссе 2 2 13 Қабырғаны көздеу (Стендовая стрельба) 1 1 14 Синхронды жүзу 2 1 15 Велотрек 1 1 16 Әйелдер боксы 1 1 17 Семсерлесу 1 1 Барлығы: 73 69   Дастан Кенжалин. Дерек: Штаттағы ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясы. Фото: egemen.kz