• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
12 Сәуір, 2016

Түркияда жарылыстан 47 адам зардап шекті

262 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 сәуір. Түркияның Диярбакыр провинциясында содырлар ұйымдастырған жарылыстан 47 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған провинцияға қарасты Хани қаласында жарылғыш зат орнатылған көлік жарылып, 1 әскери адам қаза тапты. Осыған дейін «Күрдістан жұмысшылар партиясының» лаңкестері полиция басқармасы ғимаратына шабуыл жасағаны туралы ақпарат тараған. «Сағат 23:10-да, 11 сәуір күні лаңкестер ұйымының мүшелері полиция басқармасының ғимараты мен жатақханасында жарылыс ұйымдастырды. Салдарынан біздің қатардағы бір жауынгеріміз мерт болып, 39 сарбазымыз түрлі деңгейде жарақат алды. Сондай-ақ, қызметкерлеріміздің отбасы мүшелерінен 6 адам және еліміздің екі азаматы зардап шекті», – деп мәлімдеді Түркияның бас штабы. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».