АСТАНА. 12 сәуір. Сирияның Хомс қаласында Ресей әуе-ғарыш күштеріне тиесілі Ми-28H тікұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бортта болған екі экипаж мүшесі қаза тапты. Қазіргі кезде олардың денесі Хмеймим авиабазасына жеткізілді. Ресейдің қорғаныс министрлігі тікұшаққа шабуыл жасалмағанын мәлімдеді.
Оқиға орнында арнайы мамандар тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: РИА «Новости».