ҚАРАҒАНДЫ. 12 сәуір. Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Ниқанбай Иманғалиұлы Омарханов Нұра ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ниқанбай Омарханов 1955 жылы туған. 1977 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, 2002 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған. Біліктілігі бойынша, ауыл шаруашылығының инженер-электригі, экономист.
Оның шаруашылық саласында және мемлекеттік басқару ісінде мол тәжірибесі бар. 20 жылдан астам уақыт бойы Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы саласында түрлі қызметтер атқарды. 2000-2010 жылдары Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары, әкімі болды. Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, кейін «Агроконсалтинг» АҚ басқармасының төрағасы қызметтерін атқарды. 2013 жылдың маусым айынан бүгінге дейін Ақтоғай ауданының әкімі лауазымында болды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.
Нұра ауданының осыған дейін әкімі болған Құдайберген Бексұлтанов Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, фото: Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.