АСТАНА. 12 сәуір. Алматыда 21 жастағы Абылай Тұрлин есімді жас жігіт Esentai Mall ойын-сауық орталығынан 741 000 теңгеге Италияда шыққан костюмді сатып алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жас жігіт сатып алған костюмінің суретін Instagram әлеуметік желісіндегі парақшасына қойып, астына «Бұл өмірде мүмкін болмайтын ештеңе жоқ», деп жазыпты. Инстаграмдағы парақшасына қарасақ, ол ІТ саласында Global Intellect Service компаниясында жұмыс істейді.
Бұған дейін тағы бір адам Алматыда ақпан айында VILED бутигінен 5 миллион теңгеге заттар сатып алған болатын. Сол кезде ол 35 мың теңгеге төрт шұлық, 120 мың теңгеге үш тәпішке, қалған ақшаға тағы 20 зат сатып алған.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: egemen.kz